Қызылтау қорығы – табиғаттың баға жетпес байлығы, ал оның көркі – айбынды арқарлар.
Арқар – Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек жануарлардың бірі. Қызылтау өңірінің таулы жоталары мен кең даласы осы жануарлардың табиғи мекені болып табылады. Бүгінде қорық қызметкерлерінің тұрақты бақылауы мен табиғатты қорғау шараларының арқасында арқар саны артып келеді.
Осы ретте Баянауыл МҰТП -нің кіші ғылыми қызметкері Айтышев Н. және аңшылықтанушы Алимбеков Б. бірігіп ғылыми тақырып бойынша Арқарлар мекенін зерттеу барысында мониторинг жүргізген болатын.
Бұл – табиғатты қорғау жұмыстарының нақты нәтижесі және туған жеріміздің бай биоалуантүрлілігін сақтаудың маңызды көрсеткіші.
Қызылтау арқарлары – өңіріміздің мақтанышы әрі келер ұрпаққа аманат.
Табиғатты бірге қорғайық, жануарлар әлемін сақтайық!