🌿 Фенологиялық бақылау!
«Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары табиғи кешендердің маусымдық өзгерістерін бақылау және зерттеу мақсатында фенологиялық бақылауларға әр ай сайын талдау жүргізуде.
🔎 Бақылау барысында өсімдіктердің өсуі мен даму кезеңдері, жануарлар дүниесіндегі маусымдық өзгерістер, сондай-ақ табиғи құбылыстардың ерекшеліктері зерделенеді.
📊 Жиналған мәліметтер табиғи үдерістердің динамикасын бағалауға, биоалуантүрліліктің жай-күйін бақылауға және парктің табиғи кешендерін сақтау шараларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
🌲 Фенологиялық бақылаулар – табиғаттағы өзгерістерді дер кезінде анықтауға және қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын ғылыми негізде жүргізуге бағытталған маңызды шаралардың бірі.