«Қаздар өткелі» табиғи ескерткішінің болашағы талқыланды

06 қараша 2026 55

«Қаздар өткелі» табиғи ескерткішінің болашағы талқыланды

🌿 Павлодардағы бірегей табиғи мұраны қалай сақтап, дамытуға болады

📍 4 қарашада Павлодар қаласында «Қаздар өткелі» мемлекеттік табиғи ескерткішін сақтау және дамыту мәселелеріне арналған кеңейтілген ведомствоаралық жұмыс кеңесі өтті.

🤝 Жиынға Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Нұрғанатұлы, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Әйгерім Жаңбыртайқызы, мемлекеттік органдардың, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кеңесті Павлодар облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Бакір Демеуов жүргізді.

🏞️ «Қаздар өткелі» – ғылыми және тарихи маңызы бар табиғи мұра нысаны. 2018 жылдан бері ол «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қарауында.

🔎 Кездесу барысында ескерткіштің қазіргі жағдайы, оны қорғау, ғылыми зерттеу жұмыстарын дамыту және туристік әлеуетін арттыру мәселелері қаралды.

📋 Маңызды бағыттардың бірі – табиғи ескерткішті сақтау және дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеу. Қатысушылар нақты іс-шараларды, жауапты тараптарды және іске асыру мерзімдерін айқындауға қатысты ұсыныстарды талқылады.

💚 «Қаздар өткелін» сақтау – еліміздің бірегей табиғи мұрасын келешек ұрпаққа жеткізу жолындағы маңызды жұмыс.


Баянаул Мәзір