
«Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ
«Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің «Павлодар облысының Баянауыл әкімшілік ауданы аумағында «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркті ұйымдастыру туралы 1985 жылғы 12 тамыздағы № 276 қаулысына сәйкес құрылған. Қазақстандағы алғашқы ұлттық табиғи парк. Ол Қазақ ұсақ шоқыларының солтүстік шетінде орналасқан және бастапқыда аумағы 50 688 гектарды құрады. Кейінірек, 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1305 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, парктің аумағы 17 764,8 гектарға кеңейтілді. Нәтижесінде ұлттық табиғи парктің жалпы ауданы 68 452,8 гектарды құрайды, оның ішінде 19069 гектары орманмен жабылған.
Баянауыл тау-орман оазисінде мемлекеттік табиғи паркті ұйымдастырудың басты мақсаты – ғылыми тұрғыдан негізделген түрде жаппай демалысты табиғатты қорғаумен үйлестіру. Осыған байланысты табиғи парк аумағын ұйымдастыруда негізгі ұстаным қабылданды – оның едәуір бөлігі әртүрлі дәрежедегі аймақтарға бөлінді, бұл тек табиғатты қорғау мақсаттарына ғана емес, сонымен қатар демалысты қамтамасыз ету үшін табиғи ресурстарды сақтауға да бағытталған, өйткені бұл аумақ басқа шаруашылық салалар үшін іс жүзінде жарамсыз. Парк аумағын таңдауда Баянауыл тау-орман оазисін Қазақстан далалық кеңістігіндегі ерекше табиғи кешен ретінде сақтау ғана емес, сонымен қатар оның тартымдылығы, сұлулығы мен эстетикалық құндылығы да ескерілді.
Баянауыл ұлттық табиғи паркі үш бөлімшеден тұрады:
· Баянауыл бөлімшесі: Қаражар, Ақсан, Баянауыл учаскелерінен тұрады, жалпы аумағы – 19 188 га.
· Жасыбай бөлімшесі: Торайғыр, Егіндібұлақ, Біржанкөл, Жасыбай учаскелерінен тұрады, жалпы аумағы – 22 904 га.
· Далба бөлімшесі: Мұрындай, Күркелін және 1-Май учаскелерінен тұрады. Бұл учаскелер бір-бірінен 25-45 км қашықтықта орналасқан, жалпы аумағы – 26 360 га.
Республикалық маңызы бар "Қызыл-Тау" мемлекеттік табиғи қаумалы, зоологиялық түрі. Қаз Министрлер Кеңесінің Қаулысы. КСР 17.02.1986 жылғы № 69. 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" ҚР Заңының 17-бабының негізінде "Қызылтау" табиғи қаумалы жедел басқару құқығына ҚР АШМ орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің бұйрығымен Баянауыл МҰТП-не берілді. "Қызылтау" қорығының ауданы-60000 га. "Қызылтау" қорығы жануарлар дүниесін, қазақстандық тау қойларын (арқарды) қорғау үшін құрылды, ол ҚР Қызыл кітабына енгізілген.
Функционалдық аймақары бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтың күзет режимдері.
|
№ п/п |
Функционалдық аймақардын аталуы |
аумағы, га |
Күзет режимдері |
| 1 |
Қорықттық режим |
9074 | Ұлттық парктін қорықтық аймақтарында барлық шаруашылық түрлеріне және рекреациалық пайдалануға тыйым салынады 07.07.2006 жылғы ЕҚТА занның 40 статьяның 1 тармақшасына сәйкес қорғау жұмыстары жүргізіледі . |
| 2 | Экологиялық тұрақтандыру | 4695 | Экологиялық тұрақтандыру аймақтарында барлық шаруашылық түрлеріне және рекреациалық пайдалануға тыйым салынады қорықтық режим орнатылады ,тек қана реттеулі экологиялық туризм мен табиғатты және табиғй кешендерді қалпына келтіру жұмыстары өткізіледі. |
| 3 | Туристік және рекреациалық қызмет көрсететін аймақ | 15247,6 | Туристік және рекреациалық аймақ ,қысқа және ұзақ мерзімді демалу участоктерге бөлінеді, Туристік және рекреациалық аймақтарда табиғй кешендермен ,табиғи-қорық обьектілерінде , қорықтық режим орнатылады және туристік маршруттар, соқпақтар, шатырлы лагерлер ,бақылау аландарға рекреациалық жүктеуді ескере отыра орналастыруға болады. |
| 4 | Шектеулі шаруашылық қызметін көрсететін аймақ | 39436,2 | Шектеулі шаруашылық қызметін көрсететін аймақта қонақ үйлер, музей, кемпинг, демалыс орындарын ,басқада қызмет көрсететін орындар салуға,туристік қызмет көрсету ,балық аулау және шаруашылық жұмыстары, күзет нысандары, күзет жұмыстары жүргізіледі. |
| Барлығы | 68452,8 | ||