Өсімдіктер дүниесі
Парк аумағында өсімдіктердің 552 түрі өседі, оның ішінде 5 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген: жабысқақ қандыағаш (Alnus glutinosa), көктемгі жанаргүл (Adonis vernalis), ашық құндызшөп (Pulsatilla patens), қауырсынды боз (Stipa pennata) және салбыраған қызғалдақ (Tulipa patens). Флорада құнды дәрілік, сәндік және тағамдық өсімдіктердің айтарлықтай саны бар. Дәрілік өсімдіктерге 50-ге жуық түр жатады, оның 18-і мемлекеттік фармакопеяға енген. Сәндік өсімдіктердің 40-қа жуық түрі, тағамдық өсімдіктердің 30-ға жуық түрі кездеседі.
Парктің өсімдік жамылғысы далалық және орманды қауымдастықтардан тұрады. Тауаралық аңғарларда бұталы-бетегелі далалар кең таралған. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын және беткейлердің тіктігі артқан сайын өсімдік жамылғысы жұтаңдай түседі. Ормандар тұтас таралмаған. 800–1000 метр биіктікте арша мен таңқурай араласқан сирек қарағайлы ормандар өседі. Шөптесін өсімдіктердің ішінде ксерофиттер мен қыналар басым, ал солтүстік беткейлерде жасыл мүктер кездеседі. Төменгі белдеуде (400–800 метр) төбелердің ортаңғы және төменгі беткейлерінде қарағайлар, кейде қайың мен көктерек аралас кездеседі. Орман астында итмұрын, ірге (ирга), ырғай (кизильник), ал шөп жамылғысында — ботатамақ (василёк), қысқыжасыл және басқа да түрлер өседі. Баянауылдың орман белдеуі аумақтың шамамен 40%-ын алып жатыр және ол кәдімгі қарағай, қандыағаш, қайың, көктерек пен талдан тұрады. Негізгі орман құраушы тұқым — кәдімгі қарағай, ол парктің барлық орман алқабының шамамен 75%-ын құрайды.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген өсімдік түрлері
| 1 |
Жабысқақ қандыағаш |
![]() |
| 2 |
Көктем жанаргүл |
![]() |
| 3 |
Ашық қындызшөп |
![]() |
| 4 |
Боз селеу |
![]() |
| 5 |
Қызғалдақ |
![]() |