🌲 Ерен еңбек пен лайықты марапат! 👏
Кәсіби мереке қарсаңында Хамзе Қабдоллинович еліміздің орман қорын қорғау мен молайту ісіне қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің арнайы Алғыс хатымен марапатталды!
Орманды өрттен қорғау, жасыл желекті қалпына келтіру және тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы ерен істеріңіз әрқашан құрметке лайық!
Хамзе Қабдоллиновичті шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасына амандық және кәсіби жолында толағай табыстар тілейміз! Ел игілігі жолындағы еңбегіңіз әрқашан абыройлы болсын! 🌿