Орман екпелерін түгендеу – орманды қалпына келтірудің маңызды кезеңі
Орман шаруашлығында орман екпелерін түгендеу – екпелердің жай-күйін бағалау, олардың жерсіңу және сақталу пайызын анықтау, отырғызылған ағаштардың санын есепке алу және орман екпелерінің сапасын тексеру мақсатында жүргізілетін жұмыс.
Ағымдағы жылы 2024 жылы және 2026 жылы ұлттық парк аумағында отырғызылған орман екпелеріне түгендеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 2024 жылы 40 га аумақта отырғызылған орман екпелерінің жерсіңу көрсеткіші 58% құрады. Ал 2026 жылы 19,62 га аумақта отырғызылған орман екпелері 38,5% құрады.
Тексеру барысында орман екпелерінің жай-күйі бағаланып, алдағы уақытта қосымша толықтыруды және күтіп-баптауды қажет ететін учаскелер анықталды.
Табиғи кешендер мен объектілерді өсіру және табиғатты пайдалану бөлімінің басшысы Совет Н.