2026 жылғы 12 маусым күні ғылым және мониторинг бөлімі мен Жасыбай бөлімшесінің мемлекеттік инспекторларының қатысуымен Торайғыр көлінің тасты аумағында қарақұрттарды жою бойынша іс-шара өткізілді.
Жүргізілген жұмыстар барысында 24 дана қарақұрттың жұмыртқасы арнайы ыдысқа жиналып, көздері жойылды. Ал аналық қарақұрттар анықталған жоқ.
Аталған жұмыстар демалушылар мен парк аумағына келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді.