Жабайы жануарларға қысқы азық!
«Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жануарлар дүниесін қорғау және қыс мезгілінде жабайы жануарларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар басталды.
Қыс мезгілінде табиғи азықтың азаюына байланысты жабайы жануарлардың қорекке қол жеткізуіне жағдай жасау мақсатында арнайы азықтық бұтақ бумалары дайындалып, белгіленген аумақтарға орналастырылды.
🌲 Барлығы Жасыбай бөлімшесінде 660 дана азықтық бұтақ бумасы дайындалып,
орналастырылды.
Бұл жұмыстар жабайы жануарлардың қыс мезгілінде қорек табуына қолдау көрсетіп, олардың табиғи ортадағы тіршілігін сақтауға бағытталған.
💚 Табиғаттағы әр тіршілік иесіне қамқорлық – табиғатты қорғаудың маңызды бөлігі!