🔹2026 жылғы 28 мамыр күні Павлодар облысы бойынша Экология департаменті «Қазгидромет» РМК филиалымен, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен, сондай-ақ жұртшылық өкілдерімен, облыстық Экологиялық кеңеспен және «АМАНАТ» партиясының депутаттарымен бірлесіп экожүйенің жағдайын бақылау және су сапасын анықтау мақсатында парк аумағындағы көлдерден (Торайғыр,Жасыбай, Сабындыкөл) арнайы су сынамалары алынды. Зерттеу жұмыстары су құрамының тазалығын, экологиялық жағдайын және табиғи тепе-теңдіктің сақталуын бақылауға бағытталған.
⚡️Іс-шараның негізгі мақсаты – шомылу маусымы ашылар алдында Торайғыр, Жасыбай және Сабындыкөл көлдеріндегі жерүсті суларының сынамаларын алу.
💯Мамандар алынған сынамаларды зертханалық тексеруден өткізіп, су сапасына талдау жүргізеді. Мұндай жұмыстар табиғи аумақтарды қорғау және қоршаған ортаның жай-күйін тұрақты бақылауда ұстау үшін маңызды.
🌱 Табиғатты бірге қорғайық!