Оперативная информация о пожаре на территории Баянаульского ГНПП

18 қыркүйек 2026 210

🔥 Баянауыл МҰТП аумағындағы өрт туралы жедел ақпарат

2026 жылғы 14 қыркүйекте сағат 11:58-де Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы аумағында, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркімен шекаралас жерде құрғақ шөптің жануы анықталды. Кейін өрттің Баянауыл МҰТП аумағына өткендігі туралы ақпарат келіп түсті.

Өрт анықталған сәттен бастап оны сөндіруге 71 адам және 31 бірлік техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар өртті сөндіру жұмыстарына «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның су төгетін құрылғымен жабдықталған Ми-8 тікұшағы тартылды.

Қазіргі уақытта өртті оқшаулау, сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Метеорологиялық жағдай: батыс бағыттағы жел — 9–11 м/с, екпіні 15 м/с дейін, ауа температурасы +18 °C. 

🔥 Өрт қаупінің сыныбы — V (өте жоғары).

Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жағдай тұрақты бақылауда.


Баянаул Мәзір