📢 ЖЕДЕЛ АҚПАРАТ
2026 жылғы 9 шілдеде сағат 11:50-де «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Жасыбай орманшылығының аумағында орман өрті тіркелді.
Өрт туралы хабарлама түскеннен кейін сағат 12:19-да өртті сөндіру жұмыстары басталды. Алғашқы болып оқиға орнына «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның әуе өрт сөндіру қызметінің 2 десантшысы жетіп, өртті сөндіру жұмыстарына кірісті.
Қазіргі уақытта өртті сөндіруге 2 өрт сөндіру көлігі (АЦ), 3 кіші орман өрт сөндіру патрульдік кешені (МЛПК), ұлттық парктің мемлекеттік орман күзетінің 22 қызметкері, ТЖМ,ЖАО, сондай-ақ «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның ВО-105 тікұшағы мен 6 әуе өрт сөндіру десантшылары жұмылдырылды.
Өрттің таулы, жартасты және техника жетуі қиын аумақта орналасуына байланысты «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның І класты тікұшағы Семей қаласынан өрт орнына бағытталды. Қосымша күш ретінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы ұшуға дайындалуда.
Метеорологиялық жағдай: жел солтүстік бағыттан 5 м/с, екпіні 12 м/с-қа дейін, ауа температурасы +26 °C. Өрт қауіптілік класы (КПО) – 5.
Дәл қазіргі сәтте жағдай толық бақылауда.
ЖЕДЕЛ АҚПАРАТ!
10 шілде 2026
339