Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 2026 жылдың 16 - 17 шілде бір тәулік ішінде өрт қауіпсіздігі ережесін бұзған үш азамат жауапкершілікке тартылды.

17 шілде 2026 292

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 2026 жылдың 16 - 17 шілде бір тәулік ішінде өрт қауіпсіздігі ережесін бұзған үш азамат жауапкершілікке тартылды.

Өрт қауіптілігінің жоғары деңгейіне байланысты «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында «Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-мен бірлесіп күшейтілген рейдтік іс-шаралар жалғасуда.

Өткен тәулік ішінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 3 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы 648 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Құқық бұзушылықтар Қандыағаш тоғайында, «Кристалл» демалыс үйі маңындағы орман алқабында және Жасыбай көлінің жағалауында анықталды.

 Азаматтар арнайы жабдықталмаған орындарда ашық от жағып, тамақ дайындаған.
Естеріңізге саламыз: өрт қауіптілігі жоғары кезеңде орман аумағында ашық от жағуға қатаң тыйым салынады. Тамақ дайындауға тек арнайы жабдықталған орындарда ғана рұқсат етіледі.

Табиғатты бірге қорғайық! Өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтайық!


Баянаул Мәзір