Министрлікте Эколог күніне арналған салтанатты іс-шара өтті!

06 мамыр 2026 367

⚜️ Министрлікте Эколог күніне арналған салтанатты іс-шара өтті!

5 маусым күні Экология және табиғи ресурстар министрлігінде Эколог күні мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

❇️ Іс-шараға экология саласының ардагерлері, Парламент депутаттары, министрлік қызметкерлері, ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері мен табиғат қорғау саласының мамандары қатысты.

✅ Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев экологтарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды сақтау және елдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы еңбегін ерекше атап өтті.

⚡️Іс- шарада Баянауыл МҰТП мектеп орманшылығына кіретін Қаражар ЖБОББ 7 сынып оқушысы Канатов Абай марапатталды.


Баянаул Мәзір