Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады

25 маусым 2026 362

Конкурсқа қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды (мемлекеттік немесе орыс тілінде) ұсынады:

1) Лоттар көрсетілген, еркін нысанда рәсімделген конкурсқа қатысуға өтінім;

2) Заңды тұлғалар үшін – жарғының көшірмесі және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі, жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) Ұлттық парк учаскесін пайдалану және жайластыру жоспары, оның ішінде пайдаланушы аумағында орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау жөніндегі іс-шаралар, санитариялық-гигиеналық және өртке қарсы шаралар;

4) Уақытша объектілерді орналастыру үшін жеткілікті қаржы қаражатының бар екендігін және (немесе) қарыз қаражатына қол жеткізу мүмкіндігін және (немесе) тиісті материалдық және еңбек ресурстарының бар екендігін растайтын құжаттар;

5) Пайдаланушы аумағында орналасқан табиғи кешендерді, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін және тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған ұсынылатын қызметтер мен жұмыстардың тізбесі, жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындарын құруды және мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасауды ескере отырып;

6) Табиғи кешендерді туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалану, туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерді пайдалану үшін ұсынылатын төлем мөлшері.

Конкурсқа қатысуға өтінім өтініш беруші тарапынан тігіліп, беттері нөмірленген түрде ұсынылады және соңғы беті оның қолымен куәландырылады.


Баянаул Мәзір