🔹«Парктер шеруі – 2026» экологиялық акциясы салтанатты жабылу рәсімі өтті!
2026 жылдың 20 мамыр күні табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны сақтауға бағытталған «Парктер шеруі – 2026» акциясының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Жыл бойы ұйымдастырылған шаралар барысында табиғатты аялау, орман байлығын сақтау және экологиялық мәдениетті дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.
🍃 Акция кезінде көгалдандыру, тазалық жұмыстары, экологиялық акциялар мен түсіндіру шаралары ұйымдастырылып, табиғатқа жанашырлық танытқан азаматтар белсенділік көрсетті.
Іш шараға аудан әкімшілігі, білім бөлімі, С.Торайғыров атындағы мәдениет үйі, және ұлттық парк қызметкерлері қатысты.
Қорытындылай келе, Қаражар ЖОББМ, Ш.Шокин атындағы ЖББОМ, Лекер ЖОББМ грамота және арнайы естелік сыйлықтармен марапатталды.
🌲Табиғатты қорғау жолында бірге атсалысқан барлық қатысушыларға шынайы алғыс білдіреміз!