Жасыбай көлінің орталық жағажайы жаңаша келбетке ие болмақ!

26 маусым 2026 429

Жасыбай көлінің орталық жағажайы жаңаша келбетке ие болмақ!

Жасыбай көлінің орталық жағажайында заманауи талаптарға сай ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Осы айдың соңына дейін демалушылар үшін:
☀️ 65 күнқағар қалқа;
⛺ 3 үлкен көлеңкелі шатыр;
🛏️ 400-ден астам жатын орындық;
🚑 3 құтқару мұнарасы орнатылады.

Сондай-ақ кеспетас пен террасалық тақтайдан жаяу жүргіншілер жолдары төселіп, душ кабиналары, санитарлық тораптар және киім ауыстыратын орындар пайдалануға беріледі.

🏖️ Жобаны толық аяқтау шілде айының ортасына жоспарланған. Осы уақытқа дейін жағажай аумағында медпункт, полиция және құтқарушылар бекеттері, футбол мен волейбол алаңдары, сондай-ақ балаларға арналған ойын аймағы жабдықталады.

Жаңарған жағажай тұрғындар мен туристерге жайлы әрі қауіпсіз демалыс сыйлайды!


Баянаул Мәзір