Баянауыл орманына кіруге уақытша шектеу енгізіледі
«Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2026 жылғы 25 маусымнан бастап ұлттық парк аумағындағы орманға кіру уақытша шектеу енгізілетінін хабарлайды.
Шешім өрт қаупінің 5-сыныбы (аса жоғары қауіп) сақталуына және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.
Ауа температурасының жоғарылауы, құрғақ ауа райы және желдің күшеюі өрттің тез таралу қаупін арттырады.
Осыған байланысты келушілерден табиғатты қорғау ережелерін қатаң сақтау сұралады: от жақпау, темекі қалдығын тастамау және белгіленген тәртіпті сақтау.
Өрт қаупінің 5-сыныбы (аса жоғары қауіп) төмендеген кезде енгізілген шектеу алынып тасталады.