ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: 500 түп қарағай ағашын суару жұмыстары!

12 мамыр 2026 287

 ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: 500 түп қарағай ағашын суару жұмыстары!

🌱«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Баянауыл МҰТП» аумағында 2026 жылдың 25 сәуір күні отырғызылған 500 түп қарағай ағаштарының жақсы жерсінуі мен сақталуын қамтамасыз ету мақсатында суару жұмыстары жүргізілуде.

Суару — әсіресе құрғақшылық кезеңде маңызды агротехникалық шаралардың бірі болып табылады және жас өсімдіктердің тамыр жүйесінің нығаюына ықпал етеді.

Суару жұмыстары автоцистернасы мен суару құрылғысы бар трактордың көмегімен уақтылы жүргізілуде.

Әрбір көшеттің айналасындағы топырақтың біркелкі ылғалдануына ерекше назар аударылады. Тұрақты күтімнің арқасында орман дақылдарының қолайсыз ауа райы жағдайларына төзімділігі артып, екпелердің әрі қарай өсуі қамтамасыз етіледі.


Баянаул Мәзір