🌲 ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Орман – ел байлығы, табиғаттың сәні,
Оны қорғау – әр қызметкердің парызы! 🌿
Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» қызметкерлері арасында ұйымдастырылған спорттық жарыстар мен ұлттық ойындар өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті.
🏆 Жарыс қорытындысы бойынша:
⚽️ Шағын футбол:
🥇 1-орын – Жасыбай бөлімшесі
🥈 2-орын – Баянауыл бөлімшесі
🥉 3-орын – Далба бөлімшесі
🏹 Садақ ату:
🥇 1-орын – Әкімшілік қызметкерлері
🥈 2-орын – Баянауыл бөлімшесі
🥉 3-орын – Баянауыл авиациясы
💪 Гір көтеру:
🥇 1-орын – Маку Әділет (Баянауыл бөлімшесі)
🥈 2-орын – Темиров Ардақ (Әкімшілік)
🥉 3-орын – Абильдин Қараша (Жасыбай бөлімшесі)
🤝 Арқан тарту:
🥇 1-орын – Жасыбай бөлімшесі
🥈 2-орын – Далба бөлімшесі
🥉 3-орын – Баянауыл бөлімшесі
🔥 Ерлігі мен еңбегі еленді!
Өрт сөндіру жұмыстары кезінде ерекше көзге түсіп, кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігін танытқан қызметкерлер де марапатталды. Олар:
- Абдрахманов Баянбек Елубаевич;
- Толеубеков Ерболат Мубаракович;
- Балыкбаев Руслан Махсутханович;
- Пашко Галя Антоновна.
Сонымен қатар, Еңбек күніне орай орман шебері Жетписбаев Бирлик Салыкович да марапатқа ие болды.
Марапат – еңбектің жемісі,
Құрмет – төгілген тердің жеңісі! 👏
Салтанатты рәсімнен кейін мерекелік көңіл күй шағын ойындар мен ән-күй кешіне ұласты. Қызметкерлер өзара достық қарым-қатынасты нығайтып, көтеріңкі көңіл күйде бас қосты.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті, дендеріңіз сау, мерейлеріңіз үстем болсын! Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз жарасымды болғай! 🌲🏆