ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ!

11 қазан 2026 133

⚽️ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ!

Орман шаруашылығы күніне орай «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бөлімшелері арасында шағын футболдан спорттық жарыс ұйымдастырылды.

Жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ ұжым арасындағы ауызбіршілік пен командалық рухты нығайту.

⚽️ Тартысты өткен жарыс нәтижесінде жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

🥇 1 орын – Жасыбай бөлімшесі
🥈 2 орын – Баянауыл бөлімшесі
🥉 3 орын – Далба бөлімшесі

Сонымен қатар, 8 қазан күні қызметкерлер арасында ұлттық спорт түрлерінен садақ ату, гір көтеру және арқан тартудан жарыстар өткізіледі.

🏆 Жарыстардың қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі 8 қазан күні ұйымдастырылады.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Спорт – денсаулық кепілі, бірлік – жеңістің негізі!


Баянаул Мәзір