«ХХІ ғасырдағы Азиядағы құстар көші-қоны» атты ғылыми-тәжірибелік конференция
2026 жылғы 09-12 қыркүйек аралығында Жамбыл облысы, Жуалы ауданында орналасқан «Шақпақ» орнитологиялық станциясының 60 жылдығына орай «ХХІ ғасырдағы Азиядағы құстар көші-қоны» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады.
Ауқымды ғылыми басқосуға Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының мамандары, оның ішінде Баянауыл МҰТП ғылым бөлімінен Жаслан М.Ж және Айтышев Н.К., ҚР Ғылым және жоғары білім саласындағы ғылыми ұйымдар, Зоология институтының ғалымдары, сондай-ақ Қытай, Ресей, Италия және Үндістаннан келген жетекші орнитологтар мен зерттеушілер қатысуда.
Конференция барысында Азия құрлығындағы құстардың көші-қон бағыттары, олардың маусымдық қозғалысы, популяцияларының қазіргі жағдайы, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар құстарды қорғау, сондай-ақ климаттық өзгерістердің құстар миграциясына әсері секілді өзекті мәселелер талқылануда.
«Шақпақ» орнитологиялық станциясы – құстардың көші-қонын зерттеу бағытында көпжылдық ғылыми бақылаулар жүргізіліп келе жатқан маңызды зерттеу орындарының бірі.
Мұндай халықаралық ғылыми алаңдар табиғатты зертте