🔹 Орман өрт сөндіру қызметкерлерінің дене даярлығы нормативтері тексерілуде
Өрт қауіптілігі жоғары кезеңге дайындық аясында «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орман өрт сөндіру қызметкерлерінің дене даярлығы нормативтерін тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлердің орман өрттерін жедел әрі тиімді сөндіруге дайындығын бағалау, дене даярлығы деңгейін арттыру, кәсіби машықтарын жетілдіру және қызметтік міндеттерді қауіпсіз орындау дағдыларын нығайту.
Дене даярлығы нормативтерін жүйелі түрде тапсыру қызметкерлердің төтенше жағдайларда шапшаң әрекет ету қабілетін арттырып, орман қоры мен табиғи байлықтарды қорғаудағы кәсіби әзірлігін күшейтуге бағытталған.
🌲Табиғатты қорғау – әрбір қызметкердің жоғары жауапкершілігі мен үздіксіз дайындығын талап ететін маңызды міндет.