2026 жылғы 28-29 мамыр күндері Павлодар облысының «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде облыстық деңгейде «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.
Оқу-жаттығуда орманды-дала өрттерін сөндіру бойынша бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығу барысында өрт сөндіру бөлімшелерінің күштері мен құралдарының іс-қимылдары пысықталып, орман өрттерін ерте анықтау және хабарлау жүйесінің жұмысқа қабілеттілігі тексерілді. Сондай-ақ жедел әрекет ету мен қызметтер арасындағы өзара үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркімен, жергілікті атқарушы органдармен және өрт сөндіру пункттерімен өзара іс-қимыл тетіктері пысықталды.
Бірлескен іс-қимылдардың нәтижесінде табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға жедел ден қоюға тартылған құрылымдардың дайындық деңгейі көрсетілді.