2026 жылғы 2 тамызда сағат 14:14-те «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Жасыбай бөлімшесінің аумағында (шамамен 17-орам, 16, 27-телімдер) орман төсеніштері мен ағаш тамырларының жануы тіркелді.

02 тамыз 2026 203

ЖЕДЕЛ АҚПАРАТ!

2026 жылғы 2 тамызда сағат 14:14-те «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Жасыбай бөлімшесінің аумағында (шамамен 17-орам, 16, 27-телімдер) орман төсеніштері мен ағаш тамырларының жануы тіркелді.

Өрттің алдын ала аумағы 0,27 гектарды құрайды.
Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде.

Өртті сөндіруге: «Баянауыл» МҰТП орман қорғау күзетінде 23 қызметкер, 6 техника және әуе борты; Баянауыл ауданының ТЖД 11 қызметкер, 3 техника; жергілікті органнан 12 қызметкер, 3 техника, жұмылдырылды.

Қосымша күш ретінде ТЖД-ның 17 қызметкері мен 5 техникасы оқиға орнына жолданды.

Сағат 16:03-те Павлодар қаласынан МИ-8 тікұшағы (5 адамнан тұратын экипаж және ТЖД-ның 5 десант қызметкері) өртті сөндіру жұмыстарына аттанып оқиға орнына келді.

Жағдай жауапты қызметтердің тұрақты бақылауында. Қосымша ақпарат ресми түрде жарияланатын болады.

⚠️ Азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.


Баянаул Мәзір