🦌 Баянауылда марал бойынша жаңа деректер алынды
📸 Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жүргізілген фототұзақ мониторингі барысында маралдың (Cervus elaphus) осы аумақта қайта тіркелгені анықталды
🔬 Зерттеу AP25795423 «Қазақстанның солтүстік-шығысындағы аңшылық-кәсіпшілік маңызы бар сүтқоректілердің таралуы мен қорын геоақпараттық модельдеу және картографиялау» ғылыми жобасы аясында жүргізілуде. Жоба PhD З.М. Сергазинованың жетекшілігімен Торайғыров университетінде жүзеге асырылып жатыр
🦌 Марал Баянауыл аумағында алғаш рет 2025 жылы тіркелген. Сол дерекке сүйене отырып, 2026 жылы осы учаскеде фототұзақ мониторингі жалғастырылды
Нәтижесінде бір кадрда:
— ересек аталық марал;
— жас аталық;
— екі аналық марал тіркелді
🌿 Түрдің бір жылдан кейін қайта тіркелуі және әр жыныстағы бірнеше дараның бірге кездесуі маралдың Баянауылдың тау-орман алқабында тұрақты түрде кездесуі мүмкін екенін көрсетеді
Дегенмен, әзірге бұл жерде тұрақты жергілікті популяция қалыптасты деп айтуға ерте. Мұны нақтылайтын маңызды белгілердің бірі — төлдердің тіркелуі
📍 Алынған деректер Павлодар облысындағы маралдың қазіргі таралуы туралы мәліметтерді толықтырады және Баянауыл тау-орман массивінде ұзақ мерзімді фототұзақ мониторингін жалғастырудың маңызын көрсетеді