7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған шағын футбол жарысы өтті!

07 мамыр 2026 314

Бүгін Баянауыл аренада Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлері арасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Аталған спорттық шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ұжым арасындағы бірлікті нығайту және қызметкерлердің спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Жарыс барысында Әкімшілік құрамасы, Баянауыл бөлімшесі, Жасыбай бөлімшесі, Авибазаорман қорғау бөлімі қатысып, өзара тартысты ойын көрсетіп, жоғары дайындық пен командалық рухтың үлгісін танытты. Әр команда жеңіске деген жігерін көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Іс-шара қорытындысы:
1 орын -Баянауыл бөлімшесі.
2 орын- Әкімшілігі құрамасы.
3 орын -Жасыбай бөлімшесі.

 Үздік ойыншылар мен жеңімпаз командалар арнайы марапаттарға ие болды.

Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады!

 


Баянаул Мәзір