KITF (Kazakhstan International Tourism Fair) туристік көрмесі!

23 сәуір 2026 386

2025 жылдың 23-25 сәуір  күндері Алматыдағы «Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығы (ҚІЫО) кешенінде KITF 2026 – отандық 24-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ" КӨРМЕСІ өтуде.

KITF туристік көрмесі 2001 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан Орталық Азия аймағының жетекші халықаралық көрмесі атағын бекітті. Көрменің экспозциясы демалыс пен саяхаттардың ең атақты деген түрлерін қарастырады: яғни, олар – емдік, іскерлік, спорттық, жағажайлық және т.б. KITF көрмесінде аймақтағы ұлттық туризмді дамыту мен жылжыту мәселелері ғана талқыланып қоймай, сонымен қатар, өсіп келе жатқан болашақ жастардың арасында дұрыс өмір сүру қағидаларымен таныстыру, аймақта балалар арасында спортты дамыту және рекреациялық қызметті жалпы дамыту мәселелері қарастырылады.

Биылғы көрмеге 30-дан астам ел мен Қазақстан өңірлерінен келген 500-ден астам компания өкілдері қатысып жатыр. Оның ішінде Павлодар облысының туризм және спортты дамыту жөніндегі басқармасы және "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің" бар. 

Көрме барысында ұлттық паркіміздің әсем табиғаты, флора мен фаунасы және бастысы туристік мүмкіншіліктері таныстырылуда.


Баянаул Мәзір