Тазалық – Ортақ іс!

08 мамыр 2026 373

2026 жылдың 8 мамыр күні Баянауыл МҰТП қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Жасыбай демалыс аймағы, Торайғыр көлінің аймағы, Біржанкөл көлінің аймағы, Сабындыкөл көлінің аймағы, Баянауыл бөлімшесінің микрорайон аймағы және Шонай ауылының бір жақ кіреберісі аумақтарында тазалау, қоқыстарды жинау жұмыстары жүргізілді.

Сенбіліктің басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатқа жанашырлықпен қарап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Таза орта – баршамызға ортақ жауапкершілік. Осындай игі шараларға белсенді қатысып, туған жеріміздің көркеюіне үлес қосқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!


Баянаул Мәзір