Жалаңтөс асуы – Баянауыл МҰТП -нің көрікті серпантині.
Баянауылдың әсем табиғатына жол тартқан әрбір жан міндетті түрде Жалаңтөс асуы арқылы өтеді. Көпшілікке «Серпантин» атауымен танылған бұл асудың тарихи атауы – Жалаңтөс асуы. Ол қазақ жерін қорғаған батыр Жалаңтөстің есімімен байланысты.
Биік жартастар мен ирек жолдар үйлесім тапқан бұл жерден Баянауыл МҰҮ -нің қайталанбас табиғаты алақандағыдай көрінеді. Әр бұрылысы таңғажайып көрініске толы серпантин – табиғаттың сұлулығын сезінуге, әсерлі фотосуреттер түсіруге және туған жердің тарихына тағзым етуге мүмкіндік беретін ерекше орын.
📍 Баянауылға жолыңыз түссе, Жалаңтөс асуына аялдап, табиғаттың сұлулығы мен тарихтың тағылымын бірге сезініңіз!