📌БАҚ - көздерінде 24KZ
📍 Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің тылсым мекен – Қоңыр әулие үңгірі!
Табиғаттың ғажайып туындысы саналатын Қоңыр әулие үңгірі — Баянауыл өңірінің ең киелі әрі ерекше орындарының бірі. Жартастың қойнауында орналасқан бұл үңгір өзінің тылсым тыныштығымен, саф ауасымен және табиғи сұлулығымен келген жанды баурап алады.
Қоңыр әулие — тек туристік нысан ғана емес, халқымыздың тарихы мен рухани мұрасын сақтап тұрған қасиетті мекен. Үңгір ішіндегі табиғи көл мен ерекше атмосфера келушілерге ұмытылмас әсер сыйлайды.
🌿 Табиғатты аялау — әрқайсымыздың міндетіміз.
📸 Баянауылдың көркем жерлерін бірге тамашалайық!