🌱5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Баянауыл МҰТП қызметкерлері мен Баянауылдың белсенді жастары бірлесіп сенбілік 👨🏻🌾👩🏻🌾 ұйымдастырды.
🍃Іс-шара барысында табиғи аумақтар қоқыстан тазартылып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
🌿Табиғатты аялау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осындай игі бастамалар арқылы жастардың экологиялық мәдениеті қалыптасып, туған жерге деген жанашырлығы арта түседі.
♻️Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі!