🔥 Баянауыл ұлттық паркіндегі орман өрті оқшауланды
2026 жылғы 14 қыркүйекте Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Далба орманшылығы аумағында орман өрті орын алды.
🕔 Өрт 16 қыркүйек сағат 17:00 де оқшауланды.
Жел бағытының өзгеруі және күшеюі салдарынан өрт жоғары қарқынмен таралды. Өртті оқшаулауға «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның су төгетін құрылғымен жабдықталған Ми-8 тікұшағы, сондай-ақ әуеден барлау жүргізу және қажетті күштерді жеткізу үшін ЕС тікұшақтары жұмылдырылды.
Өртті сөндіруге орман күзеті қызметкерлерімен қатар «Семей орманы» және «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваттарынан, сондай-ақ Қарқаралы ұлттық паркінен қосымша күштер тартылды.
Барлығы өртті сөндіруге 133 адам және 44 бірлік техника жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта өртті толық сөндіру және оның қайта тұтануына жол бермеу жұмыстары жалғасуда.