Құрметті келушілер!
🌿 «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде» автоматтандырылған кіру жүйесі жұмыс істейді.
Парк аумағына кіру ақысы 1 тәулікке жарамды.
💳 Төлемді:
✅ Kaspi QR;✅ Halyk QR арқылы бақылау-өткізу бекетінде немесе ✅ Kaspi.kz қосымшасы арқылы алдын ала жүргізуге болады.
📶 Бақылау-өткізу бекетінде тегін Starlink интернеті қолжетімді.
❗️ Назар аударыңыз! Егер парк аумағында 1 тәуліктен артық болатын болсаңыз, әрбір келесі тәулік үшін қосымша төлем жасауыңыз қажет. Әйтпеген жағдайда төлем мерзімі аяқталғаннан кейін автоматтандырылған жүйе төлемнің жоқ екенін анықтап, парк аумағынан шығу кезінде шлагбаум автоматты түрде ашылмайды.
📌 Төлем жасағаннан кейін электрондық түбіртекті міндетті түрде сақтаңыз.
🍃 Табиғатты қорғайық, тазалықты сақтайық және Баянауылдың сұлу табиғатын бірге аялайық!