Құрметті жергілікті тұрғындар мен демалушылар!

29 шілде 2026 398

Құрметті жергілікті тұрғындар мен демалушылар!

Орман – табиғаттың баға жетпес байлығы. Оны қорғау әрқайсымыздың міндетіміз!

🚫 Орманда от жағу кезінде сақталатын ережелер:
• Рұқсат етілмеген жерде от жақпау
• Отты тек арнайы белгіленген орындарда жағу
• От жанында қараусыз қалдырмау
• Қатты жел кезінде от жақпау

🔥 Демалыстан кейін міндетті түрде:
• Отты толық сөндіру (су құю немесе топырақпен жабу)
• Шоқтың толық сөнгенін тексеру
🚭 Темекі және ашық от:
• Темекі тұқылын орманға тастамау
• Сіріңке, оттықты балалардың қолына бермеу
• Құрғақ шөп арасында ашық от қолданбау

🌿 Қауіпсіздік талаптары:
• Құрғақ, ыстық ауа райында от жақпау
• Қоқысты орманда қалдырмау (әсіресе шыны, пластик)
•Өрт байқалса, дереу 101, 112 нөміріне немесе Баянауыл МҰТП 8(71840)9-21-78 хабарлау

💚 Табиғатты бірге қорғайық! Орман – біздің ортақ байлығымыз! 🌲


Баянаул Мәзір