2026 жылғы 5 қазанда Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Ақсан ауылының орман питомнигінде орманды қалпына келтіру жұмыстарына арналған отырғызу материалын өсіру мақсатында 0,10 га алаңда кәдімгі қарағай тұқымдарының күзгі себіндісі жүргізілді.
Табиғи кешендер мен объектілерді өсіру және табиғатты пайдалану бөлімі.
🌲 Орманды қорғау — көзге көрінбейтін үлкен еңбек
🌿 Орманның сұлулығына тамсану оңай. Ал сол сұлулықты сақтап қалу үшін қаншама еңбек қажет екенін білесіз бе?
🎥 Бүгін біз Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Жасыбай бөлімшесі басшысының орынбасары Әсемғали Солтанбаевпен сұхбаттасып, орман шаруашылығы қызметкерлерінің күнделікті жұмысымен танысамыз.
🥾 Орман алқаптарын қорғау, өрттің алдын алу, табиғи байлықты сақтау — мұның барлығы үлкен жауапкершілік пен адал еңбекті талап етеді.
💚 Біз табиғаттың сұлулығын көреміз. Ал орманшылар сол сұлулықтың болашағын қорғайды.