ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: 500 түп қарағай ағашы отырғызылды!

05 мамыр 2026 285

Бүгін Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең көлемді ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды.

Аталған шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. 

Іс-шараға аудан әкімшілігінің қызметкерлері, ұлттық парк қызметкерлері, Баянауыл жастары, Павлодар облысының еріктілері белсенді түрде шамамен 1000 нан аса адам қатысып, табиғатты қорғау ісіне өз үлестерін қосты. 

Отырғызылған ағаштар алдағы уақытта өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға және биоалуантүрлілікті сақтауға оң әсерін тигізеді.


Баянаул Мәзір