38.Соңғы нүкте фильмінен естелік суреттер

14 қазан 2026 111

Тарих пен табиғаттың тұнған шежіресі Баянауыл төрінде рухани мәні терең кеш өтті. С.Торайғыров атындағы Баянауыл мәдениет үйінің шаңырағында қазақ елінің жүрегін тіліп түскен Семей өртінің трагедиясын арқау еткен «38 соңғы нүкте» атты фильм көпшілік назарына ұсынылды.
Айтулы кинотуынды көрермендерді терең ойға батырып, жүректі елжіретер әсер сыйлады. Тар жол, тайғақ кешуде от пен жалынға қарсы тұрған жандардың ерлігі мен жанқиярлығын паш еткен бұл көрсетілім Баянауыл МҰТП-ның мәдени өміріндегі ерекше маңызды оқиғаға айналды. Ұлттық рух пен өмір шындығын ұштастырған тағылымға толы бұл кеш өнер сүйер қауымның көзіне жас үйіріп, ерекше толғаныс сыйлады.
Кино көрсетілімнің көрігін қыздырып, көрермендермен жүзбе-жүз сыр бөлісу үшін арнайы келген туындының продюсері Нұржігіт Хайдар да кешке қатысып, Баянауылдық көрермендердің ыстық ықыласына алғысын білдірді.


Баянаул Мәзір