🫎 Баянауыл орманындағы алыптар фототұзаққа түсті
Баянауыл ұлттық паркінің ормандарында орнатылған фототұзақтар бұл жолы бұландарды тіркеді.
📸 Фототұзақтар Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен Торайғыров университетінің PhD қызметкерімен бірлескен жұмысы аясында орнатылған.
🌲 Бұлан — орманды мекендейтін ең ірі тұяқты жануарлардың бірі. Ірі денесіне қарамастан, ол қалың орман арасында еркін қозғалып, көбіне адам көзіне түсе бермейді. Сондықтан мұндай кадрлар жануарлардың табиғи ортадағы тіршілігін бақылау үшін ерекше құнды.
🔎 Фототұзақтар арқылы мамандар жануарлардың қай аумақтарды мекендейтінін, қозғалысын және табиғи ортадағы мінез-құлқын адам араласуынсыз бақылауға мүмкіндік алады.
🫎 Ал бұл жолы орманның жасырын тіршілігінен бізге «сәлем жолдаған» — Баянауылдың бұландары