Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

29 шілде 2026 246

🔹Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Өрт қауіптілігі жоғары кезеңге байланысты «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері келушілер арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түсіндіру барысында демалушыларға орман алқаптарында от жағуға, темекі тұқылын тастауға, жанғыш қалдықтарды қалдыруға және өрт шығуына себеп болуы мүмкін өзге де әрекеттерге жол берілмейтіні ескертілді.

 Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелері жазылған жадынамалар таратылып, табиғатты қорғаудың маңыздылығы түсіндірілді.

«Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі барлық келушілерді табиғатқа ұқыпты қарап, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.


Баянаул Мәзір