2026 жылғы 30 маусымда Баянауыл авиация бөлімі мен Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі РММ орман патолог инженерінің қатысуымен ұлттық парк аумағына бірлескен әуе орман-патологиялық рейсі ұйымдастырылды.
Әуе бақылауы барысында өткен жылдары анықталған орман зиянкестері мен ауруларының ошақтарына мониторинг жүргізілді. Тексеру нәтижесінде аталған ошақтардың санитарлық жағдайы тұрақты екендігі, зиянкестер мен аурулардың таралу белгілері байқалмағаны анықталды.
Сонымен қатар ұлттық парктің жалпы орман қоры аумағына әуеден шолу жасалып, қылқан жапырақты және жапырақты ағаш алқаптарының жай-күйі бағаланды. Жүргізілген бақылау нәтижесінде орман екпелерінің жалпы жағдайы қанағаттанарлық, жаңа орман зиянкестері мен ауру ошақтары анықталған жоқ.
Орман-патологиялық зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша ұлттық парк аумағындағы орман қорының санитарлық және орманпатологиялық жағдайы тұрақты әрі жақсы деңгейде екендігі анықталды.
Дегенмен, өңірдегі ыстық әрі құрғақ ауа райына байланысты орман-патологиялық мониторинг жұмыстарын тұрақты түрде жалғастыру ұсынылады.