«Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» Бас жоспарына сәйкес туристік және рекреациялық қызметті дамыту мақсатында лоттар бойынша жер учаскелерін 25 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға беру жөніндегі тендер өз мәресіне жетті.
Тендер қорытындысы бойынша жеңімпаздар
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін беру қағидаларының 19 тармағына сәйкес айқындалды.
Аталған конкурс ұлттық парк аумағында экологиялық туризмді дамытуға, туристік инфрақұрылымды жетілдіруге, инвестициялар тартуға және келушілерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Барлық конкурсқа қатысушыларға белсенділік танытып, қызығушылық білдіргендері үшін алғысымызды білдіреміз!
Видеоға сілтеме