🌲 ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ МАРАПАТ! 🏅
Кәсіби мерекелеріңіз – Орман шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері табиғатты қорғау, биоәртүрлілікті сақтау, жануарлар дүниесін қорғау және туризмді дамыту бағытындағы еңбектері үшін жоғары марапаттарға ие болды.
🏅 Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен;
🏅 Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің «Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен;
📜 Сонымен қатар, Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бұл марапаттар – табиғи мұраны сақтау, ұлттық байлығымызды қорғау, биоәртүрлілікті келер ұрпаққа аманат ету және еліміздің туристік әлеуетін арттыру жолындағы табанды еңбектің лайықты бағасы.
🌿 Табиғат қорғау ісі – үлкен жауапкершілікті, кәсібилікті және туған жерге деген сүйіспеншілікті талап ететін абыройлы қызмет.
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, қызметтеріңізге толағай табыс тілейміз!
Табиғатты қорғау – болашақты қорғау! 🌳