Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында өрт қауіптілігінің 5-сыныбы – төтенше (ең жоғары) деңгейі тіркелді.
Осы кезеңде орман алқаптарында және табиғат аясында:
🚫 От жағуға;
🚫 Темекі тұқылын тастауға;
🚫 Жанғыш қалдықтарды қалдыруға;
🚫 Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуға қатаң тыйым салынады.
Құрметті демалушылар мен тұрғындар! Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтап, орман өрттерінің алдын алуға үлес қосыңыздар.
📞 Өрт немесе түтін байқалған жағдайда дереу 101 112 немесе Баянауыл МҰТП диспетчер қызметі 8(71840) 9-21-78 хабарласыңыздар!
🌲 Табиғатты сақтайық! Орман – біздің ортақ байлығымыз! 🌲