«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы

18 қыркүйек 2026 216

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымы қоршаған ортаны тазалау мен абаттандыру ісіне бір кісідей жұмыла үн қосты. Парк қызметкерлері өздеріне жүктелген Шонай ауылы мен туристердің сүйікті мекені — Жасыбай демалыс аймағына апарар жол бойын күрес-қоқыстан тазартып, сенбілікке белсене қатысты.
Туған табиғаттың естеліктері мен көрікті келбетін сақтауды мұрат еткен табиғат сақшылары бұл бастамада шынайы жанашырлық пен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсетті. Қоғамымызда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бұл игі шара Баянауылдың баға жетпес табиғи байлығын аялауға қосылған елеулі үлес болды.


Баянаул Мәзір