«Заң және тәртіп» қағидаты аясында
2026 жылдың 22 шілде күні «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында және өрт қауіпті маусым кезініңде өрт қаупін алдын алу туралы түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Іс-шараға Павлодар облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры, әділет кеңесшісі Алмас Советұлы Әбішев пен Баянауыл ауданының прокуроры, әділет кеңесшісі Руслан Кенжетайұлы Бердісбаев қатысып, ұлттық парктің басшылық құрамымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары түсіндіріліп, заңдылықты сақтау мен адал қызмет қағидаттарының маңыздылығы айтылды.
Сонымен қатар, өрт қауіпті маусым кезеңінде табиғи өрттердің алдын алу, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау, мемлекеттік орман қоры аумағында бақылауды күшейту және азаматтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізудің маңыздылығы атап өтілді. Қатысушылар табиғатты қорғау мен заң талаптарын сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін жеткізді.