Автоматтандырылған шлагбаум іске қосылды.

05 тамыз 2026 402

Автоматтандырылған шлагбаум іске қосылды.

📍«Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде» автоматтандырылған жүйесі орнатылды.

❗️Төлем ақы 1 тәулікке жарамды.

Назар аударыңыз! Бақылау-өткізу бекеттерінде қолма-қол ақша және банк карталары арқылы төлем қабылданбайды. Төлем тек Kaspi QR және Halyk QR - кодтары арқылы 1 тәулікке жүзеге асырылады. Сапарыңызды ыңғайлы ету үшін төлемді алдын ала немесе бақылау-өткізу бекетіндегі QR-код арқылы жүргізулеріңізді сұраймыз.

📲 Бақылау-өткізу бекетінде төлем жасау тәртібі:
1-қадам. Құпиясөзсіз тегін Starlink Wi-Fi желісіне қосылыңыз.
2-қадам. Kaspi немесе Halyk QR-кодтарды сканерлеңіз.
3-қадам. Көлігіңіздің мемлекеттік тіркеу нөмірін барлық әріптерімен, сандарымен және өңір кодымен бірге мұқият әрі дұрыс енгізіңіз.
4-қадам. «Төлеу» батырмасын басып, төлемді аяқтаңыз.
5-қадам. Төлем сәтті жүргізілгеннен кейін шлагбаум автоматты түрде ашылады.

Немесе парк аумағына кіру ақысын Kaspi.kz қосымшасы арқылы алдын ала төлеуді ұсынамыз.
📲 Алдын ала төлеу тәртібі: • Kaspi.kz қосымшасын ашыңыз;
• «Төлемдер» бөліміне өтіңіз;
• Іздеу жолына «Баянаульский национальный парк. Для Авто» деп жазыңыз;
• Көлігіңіздің мемлекеттік тіркеу нөмірін енгізіңіз;
• Төлемді растаңыз.Төлем ақы 1 тәулікке жарамды.

📌 Маңызды! Төлем жасағаннан кейін электрондық түбіртекті міндетті түрде сақтап қойыңыз. Ол парк аумағына кірген кезде немесе тексеру барысында қажет болады.

📶 Сіздердің қолайлылықтарыңыз үшін Starlink аумағында құпиясөзсіз тегін Wi-Fi желісі қолжетімді. Оның көмегімен интернетке қосылып, төлем жасауға болады.

🍃 Табиғатты аялаңыздар, тазалықты сақтаңыздар және «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» көркем табиғатынан ерекше әсер алыңыздар!


Баянаул Мәзір