Табиғатқа жан бітірген игі іс

28 сәуір 2026 314

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында орман көшеттерін отырғызу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

2026 жылы ұлттық парк аумағы бойынша 20 га аумаққа 88,0 мың дана екі жылдық кәдімгі қарағай екпелері отырғызылды.

 Бұл игі бастама – табиғатты қорғау, орман қорын көбейту және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды шаралардың бірі.

Көшет отырғызу – тек бүгінгі күннің емес, болашақтың қамы. Әрбір егілген жас ағаш – келер ұрпаққа қалдырылған аманат, таза ауа мен көркем табиғаттың кепілі.

Аталған жұмыстарға парк қызметкерлері белсенді қатысып, табиғатты сақтау мен қорғау жолында аянбай еңбек етуде. 

Табиғатқа деген жанашырлық пен жауапкершілік – әр азаматтың борышы.

Бірге табиғатты аялайық, бірге жасыл әлемді көбейтейік!


Баянаул Мәзір