Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Бос лауазым орнына байқау жарияланады

«Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі келесі бос лауазым орындарына ашық байқау жариялайды:

Лауазымы: Хатшы -Референт

  • Еңбекақы мөлшері 137 719 теңгеден 168 476 теңгеге дейін.

🔹Хатшы-референт лауазымына қойылатын негізгі талаптар:
Білімі:

  • Орта арнайы немесе жоғары білім (филология, іс жүргізу, басқару, тіл білімі, аударма ісі және т.б. салалар бойынша).
    Жұмыс тәжірибесі:
  • Ұқсас қызметте кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі (міндетті емес, бірақ артықшылық болады).
    Кәсіби дағдылары:
  • Құжаттармен жұмыс істеу, іс жүргізуді жүргізу.
  • Офис бағдарламаларында (MS Word, Excel, Outlook) еркін жұмыс істеу.
  • Қабылдау бөлмесін ұйымдастыру, телефон қоңырауларына жауап беру.
  • Ресми хаттарды сауатты жазу және рәсімдеу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
(Қазақстан Республикасы Денсаулықсақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығымен бекітілген азаматтық қызметке кіру және бос лауазымдарға конкурс өткізу қағидаларына сәйкес)
Қатысушы ұсынуы тиіс:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш (қоса берілетін құжаттардың тізімі көрсетіледі);
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Жеке іс парағы (тұрғылықты мекенжайы мен байланыс нөмірі көрсетіледі);
  4. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі;
  6. Денсаулық жағдайы туралы анықтама (ҚР ДСМ-нің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша).

Құжаттарды қабылдау мерзімі:19.11.2025ж. — 03.12.2025ж.

Құжаттарды тапсыру мекенжайы:
📍Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Шонай ауылы, Н. Солтаналин көшесі, 42

📞 Байланыс телефоны: 8 (71840) 9-21-78, 8(71840) 9-21-87