2025 жылғы 7 қарашада ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығына сәйкес өрт қауіпті маусым ресми түрде аяқталды.
Маусым барысында орман алқаптарында өрттің алдын алу шаралары тұрақты түрде жүргізіліп, тиісті бақылау қамтамасыз етілді.
Осы кезеңде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған шараларға белсенді атсалысқан азаматтарға алғыс білдіреміз.
Естеріңізге саламыз:
Орманда от жағуға тыйым салу маусымдық шектеумен ғана емес, адамзаттың қауіпсіздігі мен табиғатты сақтау жауапкершілігімен де байланысты.
Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз!